Созақта 23 елдімекен ауыз сумен қамтылған

Созақ ауданын көгілдір отынмен қамтамасыз ету бойынша жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеуге жергілікті бюджеттен 78 млн. теңге қаржы қаралған. Қазіргі таңда мемлекеттік сараптама алуға ұсынылып отыр екен. Созақ ауданы бойынша 35 елді мекеннің 23-не ауыз су құбыры жүргізілген. Оның ішінде 16-на ауыз су тәулігіне 24 сағат берілсе, қалған 7 елді мекенде су кестемен берілуде.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасын іске асыру толығымен атқарылуда.

«Былтыр кәсіптік оқытуға 355 адам жіберілсе, биыл 145 адамды қысқа мерзімді оқуға жолдау жоспарлануда. 2017 жылы жеке ісін ұйымдастыру және кеңейтуге 65 адам 189 млн. теңгеге шағын несие алды. Биылғы жылы 34 адам 204 млн. теңге шағын несиемен қамтылатын болады», — деді Салыхан Полатов.

Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» шеңберінде өткен жылы 1525 жаңа жұмыс орны ашылып, кешенді жоспарды іске асыру аясында 2500-ден астам адам қамтылған. Ағымдағы жылы бағдарлама аясында 800-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.    

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*