Созақтың әкімі сөзінде тұрды!

Сәуір айының 17 күні Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов, аймақта атқарылған істержайлы айтып, ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг берген болатын. Жиын барысында Полатов мырза, «алда келе жатқан 9-мамыр Ұлы жеңіс күніне орай, екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан созақтық әрбір ардагерге ат (темір тұлпар) мінгіземін» деп журналистер алдында уәде берген еді.

Енді міне, кешегі 9-мамыр Ұлы жеңістің 73 жылдығында теріскейдегі көзі тірі 6 ардагерге су жаңа «Нива» көлігін алдырып, өз қолымен табыс етті.Сонымен қатар, аудан орталығы Шолаққорғанда мереке жалпыхалықтық шерумен бастау алып, жиылған жұртшылық «Белгісіз сарбаз» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып соғыс сарбаздарының рухына тағзым етті.

Осыдан 73 жыл бұрын адамзат тарихында ең ауыр және қанды соғыстың соңғы оқтары атылды. Содан бері 1945 жылдың 9 мамыры жұртшылық жадында ерлік үлгісі, мұқалмас ерік жігер мен қажырлы еңбектің символына айналды. Осынау қанды қырғында, ауданнан 6 мыңдай азамат отанын қорғауға аттанса, олардың жартысынан көбі соғыс даласында қаза тауып, елге оралмады. Олар өз өмірлерін қия отырып, өзінен кейінгі мыңдаған, милиондаған  ұрпақтарының өмірлерін аман сақтап қалды.

Сұрапыл соғыс жылдары созақтық қаһарман жауынгерлер өздерінің бар ынта жігерлерінің арқасында Жеңіске жетуге өзіндік із қалдырды.   Бүгінгі таңда солардан қалған көзі тірісі  6 соғыс ардагері ғана ортамызда.

Одан бөлек, уран өндіретін «Катко», «Инкай» компаниялары қаржылай сыйлықтар ұсынды.  Мереке күндері ауған соғысы, Чернобыль апатына қатысушылар мен тыл ардагерлеріне де аудандық бюджеттен қаржылай сыйлық табыс етілді.

Меркелік шара орталық ипподромда бәйге, көкпар, қыз қуу сынды ұлттық спорт түрлерімен жалғасты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*