Заңгер-блоггер Айгүл Орынбек актриса Самал Еслямовадан кешірім сұрады

Әлеуметтік желі арқылы өз ойын ашық айтып, көптеген әлеуметтік, құқықтық мәселелерге білек сыбана араласып әділ шешілуін бақылап жүретін заңгер-блоггер Айгүл Орынбек, өзінің «фэйсбук» парақшасында кеше ғана Канн кинофестифалінде «үздік актриса» атанған Самал Еслямовадан кешірім сұрады.«Біздегі дарынды өнер иелерін, шет ел бағаласа ғана қолпаштайтын халықпыз!Ауылдан шыққан мына қызды кім ойлаған Канны төрін бағындырады!?»- деп бастайды ол жазбасын. Мұнымен Айгүл, қолда бар алтынның қадірін білмей жүргенімізді меңзеп отырғаны анық. Яғни, Қазақстанда таланттардың бағы ашыла бермейтінін айтқысы келгендей. Ол өз жазбасында елімізде осы салаға жауапты ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын да түйреп өтіпті.
«Арыстанбек Мұхамедиұлы бұндай актриса қыздың бар екенін, жаңалықтардан білген шығар. «Ресейге өзім жіберген едім»- деп айтып жатса таң қалмаңыздар! Миллиондаған қаржы мән мағынасы жоқ, шықпай қалған киноларға бөлініп жатыр. Ал біздің дарынды актрисаларымыз Ресей режиссерларының атын шығарып өзге елдің киносына түсіп жүр! Бұл нені білдіреді? Бұл біздің мәдениет министріміздің талантты, дарынды өнер иелерін дұрыс танып білмейді деген сөз!» деп, министрдің жұмысына көңілі толмыйтынын жеткізіпті.

Айта кету керек, заңгер Айгүл Орынбек осы орайда миллиардтаған қытайды бағындырған әнші Димаш Құдайбергеннің де кезінде елде өз бағасын ала алмағанын тілге тиек еткен.

«Димашымызды да Қытай мойындаған соң ғана төбемізге көтердік. Енді Самал қызымызды да солай бағалай бастаймыз! Шет ел киносына түсіп, өзінің Қазақтың қызы екенін ұмытпаған Самалға үлкен рақмет! Ұлттық нақышта киіп шыққан киімін көріп кәдімгідей қуанып қалады екенсің!
Ең үздік актриса марапатты құтты болсын Самал!
Біз осындай халықпыз! Қолдағы барымызды бағалай алмайтын!
Бізде көке жəкесі әкім болу керек киноға түсу үшін! Әлде үлкен соммада пара беру керек!
Бізде сөздерін жаттап, әрең рөлге кіретін, тілін шайнап сөйлейтіндер ғана актриса бола алады. Себебі бізде өнер ақшаға сатылады!
Сенің өнеріңді бағалай алмағанымызға кешір!»- деп, қазақ кино өнеріне өз атын алтын әріптермен жазып қалдырған Самал Еслямоваға алғыс айтып, кешірім сұрапты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*