Назира Асанқызы: «Паркинсон дертінің жасаруына жол бермеу керек»

Бүгін Шымкент қаласында бірінші Ортаазиялық Паркинсон ауруы жəне қозғалыстық бұзылулары бойынша конференция басталды. Басталды дейтін себебіміз, шара 2 күнге жоспарланған. Бірінші күні жиынға әлемнің түрлі елдерінен келген білікті дәрігерлер өздерінің тәжірбиелерімен бөлісіп, жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтежиелері жайлы баяндайды. Ал, ертеңгісін Шымкенттегі медицина академиясының шәкірттерімен кездесіп, облыстық ауруханада аталмыш дертке шалдыққан азаматтарды қабылдайды. Айтпақшы, бұл конференция Орта Азияда алғашқы рет өткізіліп отыр.

Сонымен бүгінгі жиында не айтылды? Бізге «өзіміздің өңірде бұл дертпен жағдай қалай» деген сауалға жауап іздедік. Соңғы зерттеулерге сүйенсек, оңтүстікте орта есеппен 100 мың адамның ішінен 32 азамат паркинсон кеселіне шалдыққан. Ал, әлемде бұл көрсеткіш 100 мыға 150 адамнан келеді екен. Бір қарағанда, өзге елдермен салыстырғанда біздегі жағдай жақсы секілді. Алайда, «қуануға ерте» дейді мамандар. Айтуларынша бізде ол кеселді анықтау деңгейі төмен болған. Сондықтан дәрігерлер алда «паркинсон» дертіне шалдыққандарды уақытында анықтау үшін ауқымды жұмыс жүргізбек.

«Паркинсон ауыруы негізі қартайған адамдарда кездеседі. Бірақ, қазір жастар да осы дертке шалдығып жатыр. Бұл үлкен мәселе! Сондай-ақ, «паркинсонмен» ауыратындардың 10 пайызы атадан-балаға мұра боп қалған. Сондықтан бұл тұрғыда да біршама жұмыс атқару керек болып тұр. Қонаққа Британия мен Испаниядан нерогенетикалық мәселелермен айналысатын профессорлар келіп отыр. Бізге жұмысқа жарамды, жастардың бұл кеселге шалдығуына жол бермеу қажет.  Осының алды-алу мақсатында біз оңтүстікте молекула, генетикалық зертхана құруға талпынып жатырмыз. Онда кеселді уақытында анықтауға мүмкіндік болады»- деді Түркістан облысының бас неврологы Назира Жарқынбекова.

 

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*