Сарыағаштан шығатын сағыздар Орта Азия елдеріне экспортталып жатыр

Түркістан облысының журналистері Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округіне қарасты Еңкес елді мекенінде орналасқан «Fresboom» және «ZIZI» кондитерлік өнім өндіретін цехының жұмысымен танысты. Айта кету қажет, бұл цех 2012 жылы өз жұмысын бастаған. Шағын өндіріс орны алты жыл ішінде жан-жақты даамыпғ қуаттылығын арттырып отыр.Бүгінгі таңда цехт бір ауысымда төрт мың блок өнім (сағыз) өндіреді. Жобаның жалпы құны жетпіс миллион теңгені құрайды. Кәсіпорын директоры Қ.Жаназаров сағыз шығаруға қажетті шикізаттарды  қазіргі таңда Түркия елінен алып отырғанын айтады. Және де өндірілген өнімдер ішкі нарықта аса жоғары сұранысқа ие екен. Сонымен қатар қатар, кәсіпкер бұл сағыздарды Орта Азияның  Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан секілді елдеріне экспорттап жатқанын да айтып қалды. Мұнан өзге «Fresboom» және «ZIZI» кондитерлік өнім өндіретін цехында 1 ауысымның өзінде 30 адамды  жұмыспен қамтылғанын да айтып кету керек. Кәсіпорында негізгі жұмысшыларын жастар құрайды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*