Түркістанда заманауи қонақ үйлер бой түзеп жатыр

Түркістан қаласынан бой көтеретін  жүз жиырма орынға шақталған RIXOS KHADISHA TURKESTAN» бес жұлдызды  қонақ үй 3 гектар жер аумақта бой көтеретін болады. Алты қабаттан тұратын ғимаратта үш бірдей мейрамхана, кинотеатр және іскер топ өкілдері үшін бизнес орталықтар орын тебеді деп жоспарланып отыр. Жобаның жалпы құны 10 млрд. теңгені құрайтынын айта кеткен жөн. Сонымен қатар, жоспар бойынша қонақ үйдің құрылыс жұмыстары 2019 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп күтіліп жатыр.
Бұдан бөлек, Түркістан қаласында «ROYAL GRAND HOTEL» қонақ үйінің ашылғанын да хабарлай кету керек. Ашылу салтанатына облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы қатысты. 2016 жылы құрылысы басталған ғимараттың жалпы аумағы 1,5 мың шаршы метр. Қонақ үй тәулігіне 60 адамға қызмет көрсетеді.
Заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған қонақ үй кешенінде кіші маркет, шаштараз, дәмхана, монша және дәріхана жұмыс істейді. Одан бөлек, мұнда қонақтарға арналған жеке автотұрақ қарастырылған. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*