Жуантөбе ауылында бірнеше көше жарықтандырылды

Созақ ауданы Жуантөбе ауылында көшелерге жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биылғы жыл еліміз үшін, өңіріміз үшін де мерекелі, берекелі жыл. Ел Ордасы — Астана қаласының 20 жылдығы болса, қойнауынан құт дарыған, шатқалынан шаттығы тасыған ырыс пен ынтымақтың қайнар бұлағы — сүйікті өлкеміз, Созақ ауданы 90 жаста! Созақ ауданының 90 жылдығы аудан көлемінде кеңінен тойлануда. Жуантөбе ауылында да айтулы мерекеге орай игі істер атқарылуда. Атап айтар болсақ 1998 жылы Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта мектепті бітірген түлектер үлкен керемет ел сүйсінетін тірлік жасап «Бәйтерек» монументін орнатты. Сонымен қатар аудандық бюджеттен қаржы қаралып Б.Достайұлы көшесіне 1 шақырым жолға тас жол төселінсе, Б.Достайұлы мен Абылай хан көшелеріне 2 шақырым жолға асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар бүгінгі іске қосылған жарықтандыру жүйесі ауылымызға ажар қосып отыр. Аудандық бюджет есебінен қаржы бөлініп, 4 көшеге, яғни Ж.Қаламбаев, Ә.Жақсыбайұлы, Төле би және Б.Достайұлы көшелеріне, жалпы ұзындығы 2,5 шақырымды құрайтын жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
Жарықтандыру жүйесін іске қосу рәсіміне облыс әкімінің бірінші кеңесшісі Саттар Мәжитұлы, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бауыржан Әбенұлы, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Айдарбеков Ербол, ауылдық округ әкімі Абраев Дәуіржан, аудандық мәслихаттың депутаты, Созақ ауданының құрметті азаматы Жанұзақов Сатыбалды және ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Зұлхарнаев Амантай қатысып, жарық жүйесін іске қосты.
Жарықтандыру жұмыстарын «БЕНД-Строй» ЖШС-гі 2018 жылдың тамыз айында бастап, қыркүйек айының соңына таман пайлануға берген болатын.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*