Созақта 75 орындық балабақша ашылды

Созақ ауданының 90 жылдығына орай теріскейде жиырмадан астам әлеуметтік нысандар ел игілігіне берілді. Солардың бірі Жартытөбе ауыл округі, Аққолтық елді мекенінде 75 орындық «Асылжан» бөбекжай балабақшасы. Бөбекжай балабақшада ашылу салтанатына аудан әкімі Салыхан Полатов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Аудан басшысының сөзіне сенсек мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі аясында Созақта балабақша мәселесі жылдан жылға өз шешімін тауып келеді екен. Бүгінде ауданда 43 мектепке дейінгі ұйым бар, оның 17 мемлекеттік, 16 жекеменшік, 10 шағын орталық. Осының арқасында теріскейдегі  бүгінде дейін балаларды балабақшамен қамту 90 пайызды құрап отыр. Бұл облыс бойынша жоғары көрсеткіштердің бірі екенін айтып өтуіміз керек. Сонымен қатар, бүгінде жаңадан ашылып отырған 75 орындық «Асылжан» бөбекжай балабақшасы жергілікті адамдарды жұмыспен қамтып отыр. Нақтырақ айтсақ, мұнда қазір 20 адам жұмыс істеп, өз отбасыларын асырап жатыр. Байқағандарыңздай, ауыл балабақшасы балаларды бөбекжаймен қамту мәселесін шешіп ғана қоймай, жұмыссыздық проблемасын шешуге де оңтайлы әсер етіп отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*