Түркістаннан ашылған фронт-офис халыққа қандай қызметтер көрсетеді?

Жуырда Түркістан қаласында ашылған фронт-офис ғимаратында ақпараттық орталық, кіріс кеңсесі мен өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары орналасқан. Сонымен қатар, күту залында келушілерге жағдай жасалған, интернет желісі, мобильді сымтетіктерді қуаттағыштармен де жабдықталғанын айта кеткен жөн. 
Мұнан өзге мұнда дауларды сотқа дейін жеткізбей шешуге жұмыс істейтін медиация кабинеті қарастырылып отыр. Онда тараптардың мәселесін әділ шешуге барлық жағдай жасалған. Ол үшін істі тоқтатумен айналысатын кәсіби мамандармен қамтылып отыр.
 
Сонымен қатар, жаңа ғимарат  «Вертуальды сот отырысы» жобасын іске асыру жүйесімен де қамтылғанын айта кету керек. Бұл жобаның ерекшелігін айта кетер болсақ, еліміздің кез-келген жерінен электронды құрылғылардың көмегімен сот отырыстарына қатысуға мүмкіндік береді.
«Халыққа қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің сапасын арттыру – заман талабы. Бұл туралы Елбасымыз үнемі айтып келеді. Міне, бүгін осы міндетті орындау барысында халыққа қызмет көрсететін фронт-офис ашылып отыр. Бұл халық пен билік арасын одан сайын жақындастыра түсетін мекеме. Мұнда мәселенің дер кезінде, әділ шешілуіне барлық жағдай жасалған. Яғни, орталықта көрсетілетін қызметтердің басым бөлігі электронды жүйеге көшірілген. Бұл қоғамда дау-дамай туындайтын болса, бұрынғыдай ұзақ уақытқа созылмай, қысқа мерзімде шешіледі деген сөз», — дейді Жансейіт Қансейітұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*