ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЕГІСТІК ЖЕРДІҢ КӨЛЕМІ 800 МЫҢ ГЕКТАРДАН АСТЫ

Түркістан облысындағы егістік жердің көлемі 807,4 мың гектарға жеткен. Өткен жылы бұл көрсеткіш 798,4 мың болғанын ескерсек, 9 мың гектарға артқанын аңғаруға болады. Мұндай жетістікке «Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында жетіп отырмыз. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысының міндетін атқарушы Нұрбек Бадырақов мәлімдеді.

Оның пікірінше, облыста өндірілген өнім көлемінің 10-12 пайыз ал аудан қала бойынша өндірілген өнімнің 30-35 пайыз ауыл шаруашылығы саласы қамтамасыз етіп отыр.«Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту жөнінде нақты міндеттер қойып отыр. Осы ретте аталған саладағы өнім көлемін арттыру мақсатында тиісті шаралар қолға алынуда. Мәселен, биыл масақты дәнді дақылдар егіс көлемі 23 мың гектарға артып 227 мыңға, дәндік жүгері 7 мың гектарға артып 44,3 мыңға, көкөніс, картоп, бақша дақылдары 7,5 мың гектарға артып 114 мың гектарға жетіп отыр», – деді Нұрбек Бадырақов.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*