Түркістан облысында 300 мың тоннадан астам мақта жинау көзделіп отыр

Түркістан облысына көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге Үкімет тарапынан 1 литрі 158 теңгеден 40,2 мың тонна жанар-жағар май бөлінген. Бүгінге дейін оның 28,7 мың тоннасы нарықтағы бағадан 27 теңгеге арзандатылып агроқұрылымдарға босатылған. Одан бөлек, 50 пайыз жеңілдікпен агроқұрылымдарға 80 мың тонна минералды тыңайтқыштар бөлініп, оның 75 мың тоннасы шаруаларға үлестірілген.

Айта кетсек, биылғы жылы ауа райының қуаңшылық болғанына қарамастан, дихандардың еселі еңбегінің арқасында масақты дәнді дақылдардың әр гектарынан 17,8 центнерден 405 мың тонна өнім жиналған.

Қазіргі таңда күріштен басқа дәнді-дақылдарды жинау жұмыстары толығымен аяқталған. Күріш 65 пайызы орылып, ақмаржан тоннасы 12 мыңға жеткен. Мақсарының әр гектарынан 9,8 центнерден, жалпы 91,5 мың тонна өнім орылған. Мақта дақылының гектар түсімділігі 25 центнерден, барлығы 332 мың тонна шитті мақта жинау межеленіп, бүгінгі күнге 195,5 мың тонна мақта жиналды. Көкөніс, картоп, бақша дақылдарынан 2,8 млн. тонна өнім жиналып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді. Оның ішінде, 500 мың тоннаға жуық өнімдер Ресей, Беларусь, Латвия, Германия мемлекеттеріне экспортталса, 1 млн. тоннасы еліміздің солтүстік өңірлеріне жөнелтілді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*