Түркістан облысы ет экспорты бойынша республикада көш бастады

Бүгін Түркістан облыстық Ауыл шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбек Бадырақов Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізді. Баспасөз жиынында мекеменің жыл басынан бері жеткен жетістіктерін таныстырып, алдағы атқарылар жұмыс жоспарын баяндады.
Оның сөзінше, 2018 жылдың 9 айында ірі қара мал басы саны 11 пайызға  артып, 972,6 мыңға жеткен. Қой мен ешкі саны 4,2 пайызға артып, 4323,0 мың басқа, жылқы 7,9 пайызға артып, 304,0 мың басқа, түйе 6,8 пайызға артып, 27,5 мың басқа, құс 8,2 пайызға артып, 1934,0 мың басқа көбейген.
«Мал басы санының көбейгеніне байланысты өңірдегі ет өндіру көрсеткіші 7 пайызға артқан. Нәтижесінде өндірілген ет көлемі 154,7 мың тоннаға жетіп отыр. Ал, жұмыртқа өнімі 9,2 пайызға артып, 146,7 млн. дананы құрады. Сүт 3,2 пайызға артып, 555 мың тоннаны құрады. Жалпы облыста 4,5 мың тонна ірі қараның еті алыс жақын шет елдерге экспортталып, тапсырма 4,5 есеге орындалды. Бұл етті экспорттау бойынша өңіріміздің республикада 1-орында тұрғанын білдіреді», – деді Нұрбек Бадырақов

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*