Түркістан облысында төрт түлік малдың басы артқан

Биылғы жылдың 9 айында Түркістан облысында ірі қара мал басы саны 11 пайызға  артқан. Яғни, олардың саны бүгінде 972,6 мыңға жетіп отыр. Ал, қой мен ешкі саны 4,2 пайызға көбейіп, 4323,0 мың басқа жеткен. Бұдан өзге жеті қазынаның бірі жылқы малының да басы 7,9 пайызға артып, 304,0 мыңға көбейген. Ал, түйе болса 6,8 пайызға артып, 27,5 мың басқа, құс 8,2 пайызға артып, 1934,0 мың басқа көбейген.
Сонымен қатар, бүгінде 2018-2027 жылдарға арналған ұзақ мерзімді етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасына сәйкес Түркістан облысының жұмыс жоспары әзірленіп, Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісіліп, бекітілген. Жоба бойынша аналық ірі қара мал басын 2027 жылға қарай 1 218,7 мың басқа жеткізу, аналық ірі қара мал басының импортын 36 мың басқа жеткізу, фермерлік шаруашылықтардың аналық ірі қара малын сатып алу 150 мың басқа жеткізу көзделген.
 
Бағдарламаның негізгі міндеті фермерлік шаруашылықтарды дамыту болып табылады. Бағдарлама аясында 15 жылға дейін, 4 пайызбен несие беріледі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*