Ж.Түймебаев қазығұрттықтарға пәтер кілтін табыстады

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Қазығұрт ауданының 90 жылдық мерейтойына арнайы қатысып, ондағы бірқатар әлеуметтік нысандармен танысып, олардың ел игілігіне берілуіне куә болды.
Өңір басшысы Жансейіт Түймебаев, ең алдымен ауданның Қазығұрт ауылындағы «Болашақ» шағын ауданынан бой көтерген 16 пәтерлі 4 тұрғын үйдің кілтін пәтер қожайындарына табыстады. Пәтер кілттеріне аз қамтамасыз етілген отбасы мен жетім балалар қол жткізді. Әзірше ондағы 20 баспана өз иелерін тауып отыр.  Ал болашақта жалпы саны 64 отбасы көшіп барып, қоныс тойын тойлайтынын айта кету қажет.
«Міне, өздеріңіз көріп тұрғандай, тұрғын үйлер бүгінгі талапқа сай салынған. Су, табиғи газ жүйелері мен жарық тартылған. Іші жарық. Ғимараты еңселі. Келешекте мұндай жұмыстар өз жалғасын табатын болады. Құрметті Қоныс иелері! Қуаныштарыңыз ұзағынан болып, қоныс тойларыңыз құтты болсын! Отбасыларыңыз қуанышты, бақытты сәттерге тола берсін!», — деді өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*