Қазығұртта денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

Қазығұрт ауданының 90 жылдық торқалы тойында салауатты өмір салтын ұстанатын тұрғындар үшін де бұл күн құтты болды. Дәл осы шағын ауданда 210 орынға арналған «Жеңіс» денешынықтыру — сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылды. 
Салтанатты шараға куә болған Ж.Түймебаев таяуда ғана әлемдік ареналарда ауданның шыққан шарапханалық Ержан Жомарт, Абдулла Еркебұлан сынды сайыпқырандардың топты жарып шыққанын мысал етіп, Қазығұрттан олардың жолын қуып, күллі қазақтың намысын қорғайтын өрендер шығуына тілектестігін білдірді. Бұл тілегін Жансейіт Қансейітұлы осында келген жас спортшы балалармен кездесуде де айтты. Болашақ жеңімпаздардың келешекте Қазығұрттың намысын ғана емес, облысымыздың, республикамыздың атын шығаруда аянбай еңбек етіп, өнер көрсетуі қажеттігін жеткізді. 
Мұнан соң, жиналған көпшілік осы ауылдан жаңадан жұмысын бастаған «Өнер» мектебінің салтанатты ашылуын тамашалады. 100 орынға лайықталған өнер ордасында енді Қазығұрттың өнерпаздары облыстық, республикалық өнер байқауларына дайындалатын болады. 
90 жылдық мереке аясында өңір басшысы бастаған топ ауданда ашылған этноауылда болып, ауыл шаруашылығы өнімдері қойылған көрмені тамашалады. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*