Түркістан облысы мен Индонезия экономикалық әріптестікті нығайтпақ

Түркістан облысы мен Индонезия елі сауда-саттық пен экономикалық әріптестікті де нығайтпақ.

-Өңіріміз Индонезияға бақша өнімдерін, ет пен көкөніс экспорттауға қабілетті. Ол елден де бізге тиімді жобалар ұсынылатынына сенімдімін. Түркістан облыс орталығы атанғалы бері осында атбасын бұрған тұңғыш елші болғаныңыз үшін сізге алғыс айтамын. Еліміз үшін қастерлі қала деп әспеттелетін Түркістанды дамытуға үлес қосамыз, инвестиция салып, бірге жұмыс атқарамыз десеңіздер әріптестікті тереңдетуге әзірміз. Сізді 28 қыркүйекте Түркістан қаласында өтетін халықаралық инвестициялық және туристік форумға шақырамын, — деген өңір басшысы әріптестік пен достық-экономикалық байланысты нығайта түсу үшін жиі кездесіп, тағы да келіссөздер жүргізуге дайын екенін айтты.

Өз кезегінде Рахмат Промоно жылы қарсы алған өңір басшысына ризашылығын білдіріп, Түркістан қаласынан ерекше әсер алғанын жеткізді.

— Өзбекстандағы Самарқан, Бұхара қалаларын аралап көрдім. Бірақ, Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі айрықша әсер етті. Сәулетті ескерткіш екен. Менің бұл елдегі миссияларым — саяси және экономикалық байланысты күшейту. Саяси тұрғыда Индонезия мен Қазақстан сенімді әріптестер екенін білесіздер. Түрлі мәселелерде, халықаралық форумдарда қос ел бір-бірін қолдап дауыс беріп жүреді. Енді біз экономикалық және сауда-саттық бағытындағы жұмыстарды тереңдете түсуге ниеттіміз. Сіздерді келесі жылы Индонезияда өтетін туристік көрмеге шақырамыз. Түркістанның туризм саласын дамытуға біздің ел де үлес қосады деген сенімдемін, — деген ол екі ел арасындағы виза мәселесін жеңілдете түсу керектігіне тоқталды.

Кездесу соңында облыс әкімі мен мәртебелі мейман бір-бірімен естелік сыйлықтар алмасты. Индонезиядан келген елшілерге Түркістанның Бас жоспарына ұсынылған жобалар көрсетілді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*