ТҮРКИЯЛЫҚ КОМПАНИЯ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 200 ГЕКТАР АУМАҚҚА ЖЫЛЫЖАЙ САЛАДЫ

Жуырда Түркия елінің астанасы Анкарада өткен бизнес форумда Түркияның компаниялары мен Түркістан облысы әкімдігі арасында ынтымақтастық жөнінде меморандум жасалған болатын. Осы келісімге сәйкес, еліміздің рухани астанасына баланатын Түркістан қаласына Түркияның атақты «Dal Holding Investment CO» компаниясының Қазақстан Республикасы бойынша бірінші басшысы Демирджан Кусе бастаған бір топ өкілдер келді. Инвесторларды облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қабылдап, «Dal Holding Investment CO» компаниясы басшыларының Түркістанды дамыту бағытындағы ұсыныстары болса қолдау көрсетуге дайын екенін айтып өтті.«Түркістан қаласының қазақ халқы үшін, бүкіл Түркі әлемі үшін аса маңызды қала екенін білесіздер. Елбасымыздың Жарлығына сәйкес, Түркістан облысы құрылып, оның орталығы болып Түркістан қаласы бекітілді. Сіздердің компанияларыңыздың жетістіктерінен хабардармын. Бірнеше бағытта әріптестік орнатып, бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндігіміз бар», — деді облыс әкімі.

Өз кезегінде Демирджан Кусе қазірдің өзінде нақты жобамен келгенін, облыспен танысу барысында өзге де жобаларды қаржыландыруға әзір екенін мәлімдеді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*