Түркиялық компания Түркістан облысына 500 млн.долар инвестиция салады

Түркияның алпауыт компанияларының бірі  «Dal Holding Investment CO» компаниясы жақында Кентау қаласында 200 гектар аумаққа заман талабына сай жылыжай кешенін салуды бастамақ.  Айта кету қажет жобаның жалпы құны 500 миллион АҚШ долларын құрап отыр. Алдағы уақытта түрік компаниясы салатын жылыжайда 3000 жұмыс орны ашылады деп күтіліп отыр. Бұл жылыжай «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіне 25 шақырым жердегі индустриалды аймақта орналасады екен. Кентаудағы жылыжай кешені ауыл шаруашылық өнімдерін молайып, еліміздің экспорттық әлеуетін көтереді деген болжам бар.

«Dal Holding Investment CO» компаниясы 33 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Бұл компания Оңтүстік Америка, Африка, Қиыр және Таяу Шығыс пен Орта Азияда түрлі жобаларды жүзеге асырған. Әлемнің түкпір-түкпірінде 2000 өкілі бар. Компания цемент шығару, тау кенін өндіру, машина жасау, автоматтандыру, өндірістік шаң-тозаңдарды жинайтын құрылғы жасау және энергетика саласында жоғары деңгейлі кәсіпорындар салумен де айналысады.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*