ҮНДІСТАНДЫҚ КОМПАНИЯ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ИНВЕСТИЦИЯ САЛМАҚ

Түркістан облысның әкімі Жансейіт Түймебаев Үндістанның «VENKY’S» компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Күнгей.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңда, Үндістан нарығының 90 пайызға жуығын құс етімен қамтамасыз етіп отырған алпауыт компания Түркістан облысына инвестиция салуға ниетті. Айта кету қажет кездесу барысында өңір басшысы Жансейті Қансейітұлы облысымызда ауыл шаруашылығы саласын дамытуға толық мүмкінік бар екенін баяндады. 
— Түркістан облысы Өзбекстан Республикасымен шектеседі.  Бүгінде өңірден Батыс Еуропа – Батыс Қытай Қытай магистралі өтеді. Сонымен қатар, жұмыс күші көп әрі табиғаты шаруашылыққа қолайлы. Бірнеше құс фабрикасы бар. Біз әкімдік тарапынан құс шаруашылығын дамытып, кластер құруға әрдайым қолдау көрсетуге дайынбыз. Егер инвесторлар келетін болса, жер және инфрақұрылым мәселесіне де көмек көрсетіледі. Екіжақты жобалар Үндістанға да, Қазақстанға да пайдалы болады деп ойлаймын. Бірлесіп жұмыс істеуге әзірміз, — деді Жансейіт Түймебаев.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*