БИЫЛ АРЫС ҚАЛАСЫНДА 100-ДЕН АСТАМ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Арыс қаласына бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін пресс-тур ұйымдастырды. Онда журналистер шахардағы тұрғын үй мәселесіне, әлеуметтік және басқа да нысандарда атқарылып жатқан жұмыстардың барысына қанықты.

Алдымен, тілшілер «Көктем — 2» тұрғын ауданында болып, ондағы 36 пәтерлі үш бірдей көпқабатты үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты. Үш қабаттан тұратын тұрғын үйлердің жобалық-сметалық құжаттары 2015 жылы бектілген. Қазіргі таңда 3 үйдің құрылыс жұмыстары жоспар бойынша толығымен аяқталып, мемлекеттік қабылдау актісімен қабылданған. Айта кету керек, Арыстағы нақ осы тұрғын ауданда, мұнан бөлек, тағы 36 пәтерлі көп қабатты үш  үйдің құрылыс жұмыстары жүруде. Ал қала бойынша 1300-ден астам азамат үй кезегінде тұр.

Сондай-ақ, БАҚ өкілдері аталған тұрғын ауданда жуырда ғана құрылыс жұмыстары аяқталған спорт алаңшасына да аялдады. Жобаның жалпы құны 60 млн. теңге. Нысанның құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқталып отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*