Арыс қаласында көріктендіру жұмыстары жүргізілді

Түркістан облысындағы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Арыс қаласы «Көктем — 2» тұрғын ауданында жуырда ғана құрылыс жұмыстары аяқталған спорт алаңшасымен танысты. Айта кету қажет, жобаның жалпы құны 60 миллион теңгені құрайды екен. Нысанның құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқталып отыр.

Одан бөлек, қаладағы қоғамдық орындарды абаттандыру шаруалары да жоспар бойынша атқарылып келеді. Іссапар барысында  «Мәңгілік ел» саябағында болған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  осындай жұмыстарға куә болды. Жалпы, көріктендіру шараларына жергілікті қазынадан  79 млн. 677 мың теңге қаржы қаралған. Мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын 2017 жылы бастап, биыл маусым айында аяқтап отыр.

Сонымен қатар, Арыс қаласында абаттандыру жұмыстары «Құрметті азаматтар» саябағында да жүргізілгені көрініп тұр. «Джил» ЖШС мердігер мекемесі аталған саябақтағы шаруаны «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен 6 ай мерзімде аяқтаған. Жобаның құны 46 млн. 999 мың теңге.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*