Арыстың минералды суына сұраныс жоғары

Арыс қаласында денсаулыққа өте пайдалы минералды су көзі бар. Бүгінде осы табиғи байлықты елге қолжетімді ету үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. «Арыс минералды су» ЖШС бұрынғы ескі цехты жаңартып, құрылысын биыл аяқтады. Минаралды су шығаратың цехтың жалпы құны 250 млн. теңгені құраған. Жобаның қуаттылығына келсек, мұнда жылына 18 млн. литр су шығаруға болады.
Кәсіпорын ди⁠ректоры Руслан Полатханұлының айтуынша, Арыстың минералды суының денсаулыққа пайдасы зор. Арнайы ыдыстарға мен құтыларға құйылған су Арыс қаласымен қатар Түркістан облысының аудан, қалаларына тасымалданып жатыр. Алдағы уақытта еліміздің өзге өңірлеріне де шығару жоспарда бар. Кәсіпкер осы жобаны жандандыру үшін «Даму Өндіріс-2» бағдарламасы аясында 20 млн. теңге көлемінде несие алған. Бүгінде мұнда 50 адам жұмыс істейді. Олардың орташа жалақысы — 60 мың теңге. Сонымен қатар, серіктестік меншігіндегі монша да қайта жаңартылыпты. Оған 30 млн. теңге инвестиция салынған. Қазір бұл монша бір мезгілде 80 адамға қызмет көрсетеді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*