Түркістан облысы әкімдігі мен шетел компаниялары арасында келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды

Түркістан қаласында өтіп жатқан халықаралық инвестициялық және туристік форум аясында В2В форматындағы кездесулер өтіп жатыр. Маңызды басқосуда Түркістан облысы әкімдігі мен шетел компаниялары арасында келісімдер мен меморандумдарға қол қойылады. Облыстың туристік, экономикалық әлеуетін көтеру, кәсіпкерлікті, өндірісті дамыту бағытында нақты жобалар ұсынылып, шетелдік инвесторлармен келісім жасау көзделген. 
Сонымен бірге «Туризм индустриясы — Қазақстан экономикасының жаңа драйвері», «Солтүстік-Оңтүстік экономикалық дәлізі» тақырыптарында және агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы адам капиталының рөлі жөнінде пікіралмасулар өтеді.
Форумда ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Түркі кеңесінің бас хатшысы Бағдат Әміреев, Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Владимир Пискурев, «RIXOS HOTELS» президенті Фетах Таминджи, Туризмнің Еуразиялық Ассоциациясының президенті Рысты Қарабаева,  Golden Camel компаниясының құрылтайшысы Еянг Джи, «DALHolding» компаниясының басшысы Демирджан Косе, «Атамекен» Ұлтттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов және өзге де спикерлер сөз сөйледі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*