Түркиялық компания Түркістан облысында қой шаруашылығымен айналыспақ

Түркістан қаласына Туркиядан келген «Dogus Insaat ve Ticaret A.S.» өндіріс орны жалпы құны 100 млн. АҚШ долларына инфрақұрылым саласындағы жобаларды жүзеге асыруда әріптестік танытса, ирандық «Faradid Meehan» компаниясы 5 млн. АҚШ долларына кірпіш зауытының құрылысын жүргізетін болды.

Бұдан өзге, Түркістанда өткен Халықаралық инвестициялық жəне туристік форум аясында Малайзия елінен келген «Nagasteel Equipment Sdn. Bhd.» компаниясы арасында 100 млн. АҚШ долларына өңірде инфрақұрылымды және өнеркәсіп саласында ірі жобаларды жүзеге асыру  бойынша меморандумға қол қойылды. Алқалы жиынға келген түркиялық «Sallyr Bey Group»  корпорациясы жалпы құны 15 млн. АҚШ доларына қой шаруашылығын өркендетуге бағытталған ферманың құрылысын жүргізбек.

Түркістан облысына инвестиция тартып, туризм саласын түлетуге бағытталған халықаралық жиында қытайлық «Jiangsu Huale Electric Co., ltd» компаниясы қуаттылығы 50 мВт-тық Күн электр станциясының құрылысына 50 млн. АҚШ долларын бағыттайтын болып келісілді.  Ал  Чехиядан келген  «AGRAS zelatovice a.s.» ұйымы 20 млн.  АҚШ долларына ақ жүгеріні қайта өңдейтін зауыт салатын болды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*