Шетелдік компаниялар Түркістанды дамытуға күш салмақ

Түркістан облысы секілді ерекше тарихи-архитектуралық және археологиялық ескерткіштері, айрықша табиғаты бар өңірдің бірінші даму бағыты – туризм.  Қазірдің өзінде мұнда мұнда келетін туристер саны жыл санап артып келеді. Мәселен, өткен жылы облысқа 270 мыңнан астам саяхатшы келген. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 40 пайызға артқанын айта кеткен жөн. Сонымен қатар, инвестиция тартуға қолайлы екінші бағыт ауыл шаруашылығын саласы. Ауа райы жайлы облыстың ауыл шаруашылық саласы дауы жағынан республикада бірінші орынға шыққан. Мұнан өзге, логистикалық және транзиттік әлеуетті көтеру жұмыс кестеде тұрған үшінші мәселе.

Тұркістан облыстының экономикалық және инвестициялық әлеуетіне қаныққан шетелдік қонақтар Түркістан өңірінде туризм, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік салаларын дамытуға атсалысуға ниетті екендіктерін білдірді. Сонымен қатар, Иран, Малайзия, Қытай елдерінен келген инвесторлар аймақта заманауи үлгідегі әлеуметтік нысандар салып, инрақұрылым мен сандық технологияны дамытуға күш салатынын да атап өтті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*