ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 3 МЫҢ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

Түркістан облысы әкімдігі мен «Turkestan Invest» мекемесі бірлесіп жалпы құны 615 млн. АҚШ долларын құрайтын 13 инвестициялық жобаны жүзеге асыруды қолға алғанын айта кеткен жөн. Алдағы уақытта бұл жоспар іс жүзінде орындалса, өңірде 3 мың жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясының өңірлік ди⁠ректоры Дәулетқожа Мамыров мәлімдеді.

«Бүгінгі күнге дейін түрлі салаларда 50 бизнес план жасалған. Оның ішінде 4 жоба облысымызға тиесілі болып отыр. Олардың қатарында тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыт және түйе сүтінен өнімдер өндіретін кәсіпорын. Мұнана өзге алюминий және пластмассалық бұйымдарын шығаратын өндіріс орны бар. СОнымен қатар, қосымша 10-ға жуық шетелдік инвесторларды тарту бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Айта кететін жәйт көптеген шетелдік компаниялар біздің өңірімізге келіп, жұмыс істеуге ерекше қызығушылық танытып отыр», — дейді «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясының өңірлік ди⁠ректоры Дәулетқожа Мамыров.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*