Түркістан облысында биыл құны 47 миллоннан асатын 3 жоба жүзеге аспақ

«Kazakh Invest» Ұлттық компаниясының өңірлік ди⁠ректоры Дәулетқожа Мамыровтың сөзінше, Түркістан облысында жыл соңына дейін құны 47,5 млн. АҚШ долларды құрайтын 3 жоба іске қосылады деп күтіліп отыр. Нәтижесінде жаңадан 500-ге жуық жұмыс орны пайда болады екен.
«Бүгінгі күнге дейін түрлі салаларда 50 бизнес план жасалған. Оның ішінде 4 жоба облысымызға тиесілі. Олардың қатарында тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыт, түйе сүтінен өнімдер өндіретін кәсіпорын және алюминий және пластмассалық бұйымдарын шығаратын өндіріс орны бар. Одан бөлек, қосымша 10-ға жуық шетелдік инвесторларды тарту бойынша келіссөздер жүргізілуде. Айта кететін жәйт көптеген шетелдік компаниялар біздің өңірімізге келіп, жұмыс істеуге ерекше қызығушылық танытып отыр», — Дәулетқожа Мамыров.
Сараптамалық зерттеулер нәтижесінде әлемнің дамыған 36 елі инвестиция құюға әлеуетті екені анықталған. Алайда, іскерлік қарым-қатынас орнату бойынша АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, ҚХР, Жапония, Оңтүстік Корея, Түркия, БАӘ сияқты елдерге басымдық берілген. Қазіргі таңда аталған елдерде қаржы көздерін тарту бойынша «KAZAKH INVEST» өкілдіктері мен елшілердің арнайы инвестиция бойынша кеңесшілері жұмыс істеуде.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*