Ж.ТҮЙМЕБАЕВ: «SAFARI SHARDARA» СЫНДЫ ЖОБАЛАР ДӘСТҮРЛІ ШАРАҒА АЙНАЛУЫ ТИІС

Шардара ауданына өткен халықаралық «SAFARI SHARDARA» шарасында спорттық сайыстар мен концерттік бағдарламалар қатар ұйымдастырылды. Фестивальде алғаш болып сөз алған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев айтулы шараның өңірде тұңғыш рет ұйымдастырылып жатқанын тілге тиек етіп, сайысқа қатысушылар мен қонақтарды құттықтады.«Елбасымыз «Бай табиғатымыз бен мәдени әлеуетімізді пайдалану үшін сырттан келетін және ішкі туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлу қажет» деп атап өткендей, болашақта Қазақстанда туризм өңірлік ғана емес, жаһандық сипат алуы керек. Еліміздегі туризмнің өркендеуі үшін тарихи және туристік орындарымызды лайықты дамыта білсек, мемлекеттік бюджет толығып, әлеуметтің әл-ауқаты көтеріледі. Бүгін басталған «Safari Shardara» фестивалі — көрші елдерге Қызылқұм мен Шардара суқоймасының жағалауы сынды жауһарларымызды танытатын шара болмақ. Сондай-ақ, біз осы іс-шара арқылы шағалалы Шардарада желкенді қайық спорты мен ат пен түйе жарыс, құсбегілік сынды ұлттық спорт түрлері мен өзге де ата кәсіптерімізді жаңғыртуды көздеп отырмыз. Мұның барлығы өңірдегі туризмді дамытып, бизнес аxуалды көтеруге бағытталған», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*