Түркістан облысындағы «Кентау трансформатор заводы» жұмысшылардың жалақысын 40 пайызға көтермек

Түркістан облысының әкімдігінде Үкімет басшысының қатысуымен Елбасы Жолдауын іске асыру бойынша селекторлық кеңес өтті.

«Осыған орай, аталған кәсіпорындар мен мекемелерде Елбасының Жолдауын іске асыру мақсатында үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 88  кәсіпорын 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақыны өсіретін болды.  Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады» — деді Ж.Түймебаев.

Үкіметтік селекторға облыс әкімінің бастамасымен 20-ға жуық ірі және орта кәсіпорындардың басшылары қатысқан болатын. Солардың бірі — «Кентау трансформатор заводы» акционерлік қоғамының бас ди⁠ректоры Хайрулла Қожабаев кәсіпорындағы орташа жалақыны 40 пайызға көтеруге дайын екенін, яғни, орташа жалақы 75 мыңнан 105 мың теңгеге дейін өсетінін айтты.  «Кас Бетон» ЖШС-інде орташа жалақы едәуір көтеріледі. Өзге де кәсіпорын басшылары Елбасы Жолдауына қолдау көрсетіп, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға күш салатындарын жеткізді.

Жалпы, өңірдегі жүзге жуық ірі және орта кәсіпорындар мен мекемелерде түсіндіру жұмыстары және келіссөздер жүргізіліп, олардың басым бөлігінің басшылары жұмысшыларының жалақысын көтеруге келісім берді. Жұмысшылардың жалақысын көтеру жөніндегі жұмыстар өзге кәсіпорындарда да жалғасын табады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*