Жетісайлықтар мақтадан 25 центнерден өнім алды

Түркістан облысы Жетісай ауданында 120 мың тонна мақта жиналды. Өнімділік гектарынан 25 центнерден түсті. Десек те, ауданда мақта теру науқаны әлі де жалғасуда. Жетісайлық шаруалар енді бірер күнде бірінші терім жұмыстарын толығымен аяқтайды. Бүгін бұл туралы Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Асан Маханбетов мәлім етті.
Айта кетейік, биыл Жетісай ауданында 48226 гектарға мақта дәні себілген. Болжам бойынша әр гектардан 24,6 центнерден өнім алу күтілген болатын. Ал биылғы гектар түсімі 25 центнерге жетіп отыр. Мақта түсімділігі жағынан Ж. Ералиев ауыл округі оқ бойы озық шықты. Мұндағы шаруалар мақтаның әр гектарынан орташа есеппен 29 центнерден өнім алса, 26.8 центнерлік түсім көрсеткішімен Жаңаауыл ауыл округі келеді. Ал Ынтымақ ауыл округінің мақташылары 26,5 центнерлік өнімділік көрсеткішін көрсетіп отыр.
Биыл аудан бойынша мақтадан ең көп өнім алған Қарақай ауыл округінің мақташылары болды. Қазірдің өзінде мұндағы шаруалар 14 мың 198 тонна, Жылысу ауыл округі 13 мың 783 тонна, Атамекен ауыл округі 13502 тонна ақалтын жинап үлгерген. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*