АЛПАУЫТ КОМПАНИЯЛАР ТҮРКІСТАНҒА БІР-БІР НЫСАННАН САЛЫП БЕРЕДІ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізгені белгілі. Сол жиында Елбасы министрлер мен үкімет мүшелеріне, еліміздегі алпауыт компаниялардың басшыларына Түркістан қаласына бір-бір нысан салу жөнінде тапсырма берді.
Әрбір басшыны орнынан тұрғызып, жеке-жеке сөйлескен Елбасы мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге үнемі қолдау көрсетілгенін, енді олар да мемлекете үлес қосаулары керектігін айтты. Түркістан қаласына қажетті нысандарды тізбелеп, танымал компанияларға нақты міндет жүктеді. Мәселен, Елбасы «Базис-А» компаниясының басшысы Александр Беловичке «Сіздер спорттық және мәдени нысандарды жақсы салып жүрсіздер.  Бұл жерге театр керек. Оған қауқарыңыз жетеді деп есептеймін. Түркістанға әдемі, әмбебап театр салу қажет» деді. Компания басшысы тапсырманы орындайтынына уәде берді. Ал, ENRC басшыларының бірі, атақты миллиардер Патох Шодиевке Түркістанда әлемдік деңгейдегі Түркі халықтарының музейін салып беру жөнінде тапсырма міндет жүктелді. Сонымен қатар, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевқа халықаралық талапқа сай үлкен стадион салу жөнінде тапсырма берілді. «Орындаймыз!» деді ол.  Айдын Рақымбаев басқаратын BI Group компаниясы Қазақ хандары мен билерінің, батырларының  орталығын ашып бермек.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*