ЖЕТІСАЙЛЫҚ ДИҚАНДАР СУ МӘСЕЛЕСІН ШЕШІП БЕРГЕН ЕЛБАСЫҒА АЛҒЫСТАРЫН БІЛДІРДІ

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары-ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысындағы Жетісай және Мақтаарал аудандарына жұмыс сапарымен келді.

Сонымен қатар, үкімет мүшесі алдымен Жетісай ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округіндегі «Нұралы жол» шаруа қожалығында болды. Онда Өмірзақ Естайұлы шаруа қожалығында қызу жүріп жатқан мақта теру жұмыстарымен танысқанын айта кеткен жөн. Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев министрге өңірдегі ауыл шаруашылы саласындағы жетістіктер мен атқарылған жұмыстарды айтып өтті.

Сондай-ақ, «Нұралы жол» шаруа қожалығы бүгінде  497 гектар жерге мақта, бақша дақылдары, жүгері және жоңышқа еккен. Алпысқа жуық адам жұмыс істейтін шаруа қожалығының 47 техникасы бар. Жұмысшылардың айлық жалақысы — 55 мың теңге. Шаруа қожалығының төрағасы Е.Ералиевтің айтуынша, мақта терім науқаны ойдағыдай өтіп жатыр. «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» каналының арқасында биыл мұнда су тапшылығы байқалмаған. Осыған орай, жетісайлық диқандар су мәселесін шешіп берген Елбасыға риза екендерін жеткізді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*