Түркістан облысында білім саласына жемқорлықты жоятын жаңа жобалар енгізіледі

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің, Ұлттық бюро департаментінің, сондай-ақ, Облыс Әкімдігінің ұйымдастыруымен білім беру саласында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мәселелері талқыланған жиын өтті.
Жиынға «Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Жолдасов, облыстық білім басқармасының және қалалық, аудандық білім бөлімдерінің басшылары, қала, аудан әкімдерінің білім саласына жетекшілік ететін орынбасарлары мен облыстағы барлық білім беру ұйымдарының 1300 басшылары, сондай-ақ, арнайы мониторингтік топ мүшелері қатысты.
Іс шараның мақсаты – білім саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, ата – аналардан, оқытушылардан заңсыз ақша жинауды тоқтату мәселелерін кеңінен талқылау.
Отырысқа төрағалық еткен облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков облыста білім беру саласы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары сала екені Елбасы тарапынан сынға ілінгенін, білім беру саласы жемқорлық көріністері жоғары деңгейге жетіп отырғанын айтып, білім беру ұйымдарының басшыларына жемқорлық тәуекелдерін төмендету бағытында нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*