Білім саласындағы жемқорлықты жою үшін нақты ұсыныстар айтылды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғ.Тұрсынбаев, білім беру саласында ашықтықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында бірқатар нақты ұсыныстар енгізді.

Атап айтқанда, орталықтандырылған қаржыландыру жүйелерін енгізу, мұғалімдерді жұмысқа қабылдауды мектеп ди⁠ректорларының құзырынан алып, бұл жұмыспен тікелей ең алдымен қоғам мүшелерінен енгізілген конкурстық комиссия мүшелеріне беру, мұғалім лауазымы үміткерлері үшін тестілеу бағдарламасын әзірлеу, техникалық қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды аутсорсингке беру.
Сондай-ақ, білім беру ұйымдарына мемлекеттік тарапынан бөлінетін қаражаттар туралы ақпаратты білім беру ұйымдарының баршаға көрінетін жерлеріне орналастыруды.
Мәжілісте «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.М.Жолдасов, облыстық білім басқармасының басшысы И.Ө.Сағындықов тақырыптық бағытта баяндама жасады.
Бұған қоса, Назарбаев зияткерлік мектебінің ди⁠ректоры Б.М.Қасымов мұғалімдерді жұмысқа және оқушыларды мектепке қабылдаудағы ашықтықты қамтамасыз ету бойынша өз мектебіндегі тәжрибемен бөлісті.
Жиында Ұлттық бюро Департаменті басшысының орынбасары Ә.Жорабеков осы салада орын алған қылмыстар туралы баяндама жасап, соңынан ұсталған мектеп ди⁠ректорларына қатысты видео түсірілімдер көрсетті.
Жиын соңында Ұ.Сәдібеков қатысушыларға бүгінгі кездесуден қорытынды шығаруды, күн тәртібінде қаралған басты мәселе сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төендету бағытында нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*