Түркістан облысында 55 мыңнан астам ұстаз бар

Түркістан облысында Ұстаздар күні мерекесі аталып өтті. Облыстағы аудан, қала әкімдіктеріне онлайн режимінде қосылған жиынға 500-ден астам озат ұстаз тікелей қатысуға мүмкіндік алды.  

         Өңірдегі 55 мыңнан астам мұғалімді төл мерекемен құттықтап, салтанатты шараны ашып берген облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ұстаздар қауымының болашақ ұрпағымызды оқытып, тәрбиелеудегі рөлінің маңызы зор екенін айтты.

         «Бүгінгі төл мерекелеріңіз ерекше уақытта, Елбасының Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауымен қатар, жаңадан Түркістан облысы болып құрылған кезеңде өтуде. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кешегі Жолдауында халықты баспанамен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, білім мен ғылымды дамыту, оны қаржыландыруды жалпыұлттық өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу, полиция мен сот жүйесін, мемлекеттік басқаруды жетілдіру, аталған салалардағы қызметкерлердің кәсіби біліктілігі мен әлеуметтік қорғалуын арттыру секілді көптеген маңызды мәселелерді қозғап, алда атқарылуы тиіс міндеттер айқындап берді. Сонымен қатар, Елбасы Жолдауда білім саласына аса назар аударып, сыбайлас жемқорлықтың тәуекелділігі кемімей, педагогтарды және қызметкерлерді жұмысқа қабылдауда келеңсіз жағдайлардың орын алып отырғандығын атап өтті», — деді Ж.Түймебаев.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*