Түркістан облысында этнотуризмді дамытуға мүмкіндік мол

Түркістандағы туризмді дамытуды жан-жақты қолға алынып, түрлі жұмыстарды жүзеге асырудың нәтижесінде, яғни, арнайы түзілген 2018-2025 жылдарға арналған туристік индустрияны дамыту тұжырымдамасы аясында облысқа келетін туристердің санын 5 миллионға жеткізу межеленіп отыр. Ол үшін жасалған жоспар көп. Мәселен, облыс орталығында тарихи этнотуризмді дамытуға барлық мүмкіндіктер бар. Ол үшін Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің даму жоспары түзілген. Жоспарға сәйкес, бірінші кезекте Түркістанның ежелгі қоныстарының бірі – Күлтөбе қалашығы қайта жаңғыртылады. Әбілмәмбет хан мен Тәуке ханның ордалары, олардың жанындағы ортағасырлық үлгідегі мешіті және басқа да бірқатар нысандар толық қайта қалпына келтіріледі.
Түркістанның тариxи құндылықтарын сақтау, одан ары көркейту, Қожа Аxмет Яссауи кесенесі негізінде мәдени-руxани орталықты сақтау және әкімшілік-іскерлік орталықты құруға ерекше көңіл бөлінуде.
Алдағы уақытта Түркістан қаласында халықаралық талаптарға сай келетін әуежай, теміржол вокзалы мен автовокзал салу жоспарланып отыр. Туристерге сервистік қызметті жетілдіру мақсатында Түркістанда заманауи қонақ үйлер мен демалыс орындарын ашуға инвесторлар тарту жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.
Бұл тұста Елбасының таяудағы облысымызға ресми сапарында отандық ірі кәсіпкерлер мен Ұлттық компанияларға Түркістанға бір-бірден қажетті ғимараттар мен мәдени-іскерлік нысандарды салып беруді тапсырғаны есімізде.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*