ТҮРКІСТАН: ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНАДЫ

Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың кітапханасында Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Түркістан облысы Азаматтық альянсының» ұйымдастыруымен үкіметтік емес ұйымдармен жиын өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру жолы талқыланған жиынға өңірдегі 30-ға жуық белсенді үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

Жиынды ашып жүргізген облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бейсенбай Тәжібаев Елбасының биылғы Жолдауының маңыздылығына тоқталды.
«Кеше Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында халық табысын өсіру, тұрмыс сапасын арттыру, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру бағытында жоспарларын айтып, билік тармақтарына елмен етене жұмыс істеуді тапсырды. Жолдауда айтылған мақсат-міндеттерді іске асыруда азаматтық қоғам өкілдеріне үлкен сенім артылады. Сондықтан, бүгін біз сіздердің ой-пікірлеріңізді естіп, бірлесіп жұмыс істеу жөнінде Түркістанда бірінші рет бас қосып отырмыз. Азаматтық қоғамды дамытуда үкіметтік емес ұйымдардың қосар үлесі мол. Әсіресе, Түркістан жаңа облыс орталығына айналғандықтан оның әлеуметтік-мәдени бағытын жаңа деңгейге көтеруде сіздерден тың жобалар күтеміз» деді басқарма басшысы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*