Түркістан облысында тіркелген қоғамдық бірлестіктердің саны 700-ден асты

Түркістан облысында 738 қоғамдық бірлестік тіркелген. Оның ішінде 577-сі — үкіметтік емес ұйымдар. Өңірде ҮЕҰ саласында сұхбат ұйымдастыру шеңберінде 35 сұхбат алаңы жұмыс істеп тұр. Облыстық және 16 аудандық, қалалық ақпараттық-ресурстық орталық бар. Әкімдіктер жанындағы кеңестер мен комиссияларға ҮЕҰ өкілдері енгізілген. Барлық деңгейдегі кеңестер жоспарға сәйкес жылына 2 рет жиын өткізіп, іс-шараларды бағдарлайды. Облыстық басқармалар мен аудан, қала әкімдіктері жылына 2 рет азаматтық қоғам институттарымен атқарған жұмыстары туралы есеп береді.

Облыста үкіметтік емес ұйымдармен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша бірнеше басқарма мен аудан, қала әкімдіктері жұмыс атқарады. Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік-маңызды жобалардың тақырыптары мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға және әр саладағы өзекті мәселелердің алдын алуға арналған. Қазіргі таңда 72 заңды тұлға, оның ішінде 45 үкіметтік емес ұйым мен 27 бизнес құрылымы енген «Түркістан облысы Азаматтық альянсы» қауымдастығымен тығыз байланыста жұмыс атқарылып келеді. Сонымен қатар, ауылдық жерлердегі үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын ширату және қолдау мақсатында облыстың барлық аудан, қалаларында ақпараттық интернет-ресурстық орталықтар ашылған.

Жиынды қорытындылаған Б.Тәжібаев ҮЕҰ өкілдеріне белсенділікті арттырып, Елбасы Жолдауында айтылған міндеттерді бірлесіп атқаруға, Түркістанды көркейтуге үлес қосуға шақырды.

Осы кездесуде айтылған ұсыныстар мен өтініштер хаттамаға енгізіліп, тиісті жұмыстар қолға алынады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*