НҰРАЛЫ ӘБІШЕВ: «БӨРТЕ-МИЛКАНЫҢ БИІК ДӘРЕЖЕГЕ ЖЕТУІНЕ ЕЛБАСЫНЫҢ ҮЛЕСІ ЗОР»

Президент Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында Түркістан облысындағы «Бөрте-Милка» компаниясының жетістігіне арнайы тоқталды.

«Негізгі міндет – еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту. Мәселен, Түркістан облысында «Бөрте Милка» ЖШС-і жаңа заманауи технологияларды пайдаланудың арқасында өнімділікті 2 есеге арттырған» деген болатын.

Жеделхатта белгілі кәсіпкер «Құрметті, Елбасы! Біздің кәсіпорынды бүкіл елге үлгі етіп көрсетуіңіз оның құрылтайшысы ретінде мені айрықша қуанышқа бөледі. Сіздің «Бөрте-Милкаға» арнаған жылы лебізіңіз біздің ұжымға қанат бітірді. Кәсіпорынның осындай дәрежеге жетуіне Сіздің үлесіңіз зор. Себебі, өзіңіздің бастамаңызбен кәсіпкерлік саласына мемлекеттен көптеген жеңілдіктер жасалып жатыр. Мен де мемлекеттік қолдауға ие болып, 1 млрд. теңгеге заманауи техникалар мен құрылғылар орнаттым. Нәтижесінде Түркістан облысында жасалған сүт өнімдері еліміздің түкпір-түкпіріне тарап жатыр. Биылғы Жолдауыңызда айтылған міндеттерді орындауға барынша күш саламыз және бастамаларыңызды нақты іспен қолдайтын боламыз!» деп жүрекжарды толқынысын жеткізіпті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*