Түркістан облысындағы «Бөрте Милка» компаниясы тәулігіне 8 тонна сүт өндіреді

Нұралы Әбішев басқаратын компанияның Жолдауда Елбасының жылы пікірге ие болғанына қуанған «Бөрте-Милка» компаниясының басшысы, түркістандық кәсіпкер Нұралы Әбішев брифинг өткізіп, Елбасыға арнайы телеграмма жолдағанын мәлімдеді.

Кәсіпкердің айтуынша, кәсіпкерлерге үлгі ретінде айтылған кәсіпорындағы құрылғылар аса қымбат, әрі сапалы. Компанияны дамытуға 3 миллиард теңге жұмсалса, оның 1 миллард теңгесіне шетелден құрылғы сатып алған. Бүгінде Ордабасы ауданындағы компанияда 70 адам жұмыс істеп жатыр.

«Елге танымал «Бөрте Милка» сүт-тауарлық фермасы өндірісті модернизациялау шеңберінде швед технологиясы бойынша тәулігіне 8 тонна сүт өндіруде. Өӊірде баламасы жоқ кәсіпорын республика бойынша еӊ заманауи сүт-тауарлық фермаларыныӊ алғашқы үштігіне кіреді. Мұндағы жұмыс толығымен роботтандырылған. Кешенде бүгінде 400-ден аса сауын сиыр бар. Үш мезгіл сауылатын бір ірі қараның тәуліктік орташа өнімділігі — 30-32 литр. Сондай-ақ, өңірдегі жас мамандарды жұмысқа қабылдап отырмыз. Алдағы уақытта зауытқа голландиялық технологияны ендіру арқылы өнімділікті еселеуді жоспарлап отырмыз. Жалпы бұл Жолдау ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпорындарға қолдау болмақ», — деді Нұралы Әлмаханұлы.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*