ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ ТЫҢ БАСТАМАЛАРДЫ ЕРЕКШЕ ЫҚЫЛАСПЕН ҚАБЫЛДАДЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жолдады. Айта кету қажет, мемлекет басшысының Жолдауын Түркістан облысының тұрғындары тікелей эфирден тамашалады.

Сонымен қатар, Кентау трансформатор зауытында 200-ге жуық адам өндіріс орнында Жолдауды тікелей эфирден көріп отырды. Өндіріс орнындағы жұмысшылар Президенттің жаңа Жолдауындағы көтерілген бастамаларды зор ықыласпен қабылдады. Әсіресе оның ішінде халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған игі іс-шараларға ризалықтарын білдірді.

Мұнан өзге, Түркістан облысының медицина саласының бірқатар өкілдері өз жұмыс орындарында Жолдауды тамашалағанын айта кеткен жөн. Түркістан қаласындағы оқу орындары да Елбасы жолдауынан шет қалмады. Мәселен, рухани астанамыздағы педагогикалық колледжде де арнайы көрсетілім ұйымдастырылды. Бұл ұжымдарда да колледж мұғалімдері, студенттер, ақсақалдар және түрлі этнос өкілдері Елбасы Жолдауын тыңдады.

Сонымен қатар, облыс әкімі аппаратының қызметкерлері, жалпы, Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында жұртшылық Жолдауды тамашалап, Елбасы бастамаларына қолдау білдірді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*