Түркістан облысының әкімі «Байдаулет» өндірістік жылыжай кешенінде болды

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Ордабасы ауданына жасаған жұмыс сапары барысында бұдан бөлек,  «Байдаулет» өндірістік жылыжай кешенінде болды. Жұмысын алғаш 2014 жылы бастаған жылыжай қияр мен қызанақ өндіруге бағытталған. Қожалық алғашқыда 0,5 гектар аумақ жерден бастаған. Бүгінгі таңда ауқымы кеңейіп 2,5 гектарға жеткен. Мұнда қазірде 9 жұмысшы жылына 60 тонна өнім өндіріп келеді. Жобаның жалпы құны 15 млн. теңгені құрайды. Қожалық директоры алдағы уақытта өнім көлемін 700 тоннаға дейін жеткізіп, дайын тауарды Алматы, Қарағанды қалаларына жөнелтуді жоспарлапотыр.

Жұмыс барысымен танысып шыққан өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы, сала басшыларына аудандағы жылыжай шаруашылығын жандандыруды тапсырды.

«Оңтүстік өңірі ауыл шаруашылығына өте қолайлы аймақ. Осыны тиімді пайдалануымыз керек. Әсіресе, заманауи технологиялардың көмегімен жылыжай шаруашылығын мықтап қолға алсақ, өнім сапасы мен көлемі артатын болады. Сондықтан да осы мәселені аудан, қала басшыларына үнемі айтып келемін», – деді Жансейіт Түймебаев.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*