ҚСЗИ САРАПШЫЛАРЫ: «ТҮРКІСТАННЫҢ ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ»

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің мәдениет сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жүзеге асыру бойынша аймақтық сарапшылардың кездесуі өтті. Кездесуді Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен Түркістан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы бірлесіп өткізді.

Жиында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Алуа Жолдыбалина «Өмір сапасының деңгейі: негізгі өлшемдері мен индикаторлары» тақырыбында баяндама жасады.

«Түркістан облысының жаңадан құрылуының өзі бұл өңірдің әлеуеті мықты екенін білдіреді. Себебі, еңбек күші бар әрі бірқатар салаларды дамытуға қолайлы облыс. Осы бастама арқылы Түркістанға инвестиция тартылып, халықтың әл-ауқаты көтеріледі. Елбасы Жолдауындағы басты міндет те — осы. Яғни, елдің тұрмыс деңгейін көтеру» — деген ол өмір сапасын анықтаудағы негізгі индикаторлар мен өлшемдер туралы түсіндіріп берді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*