Алуа Жолдыбалина Түркістанда семинар-тренинг өткізді

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың мәдениет сарайында Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жүзеге асыру бойынша аймақтық сарапшылардың кездесуі өтті. Кездесуді ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен Түркістан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы бірлесіп өткізді.

Жиында аталған институттың әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Алуа Жолдыбалина «Өмір сапасының деңгейі: негізгі өлшемдері мен индикаторлары» тақырыбында баяндама жасады.

Жиынды жүргізіп отырған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бейсенбай Тәжібаев Астанадан келген сарапшылардың пікірлері студенттер мен оқытушыларға серпін беретінін жеткізсе, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың әлеуметтану ғылымдарының докторы Оразбек Нұсқабаев жаңа бастамаларды жүзеге асыруға ғалым-ұстаздар да үлес қосуға дайын екенін мәлімдеді.

Кездесу соңында ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Алуа Жолдыбалина жиынға қатысушыларға қоғамдағы өзекті мәселелерге жедел мониторинг жасау жөнінде семинар-тренинг өткізді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*