ТҮРКІСТАН: ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСҚА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙГЕН

Түркістан облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы тарапынан ағымдағы жылдың 9 айында 2420 нысанның құрылысы тексеріліп отыр. Оның ішінде жеке қаражат есебінен – 2057 нысан, бюджет қаражаты есебінен 363 нысан бар екенін айта кету қажет. Бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқарма басшысының орынбасары Мерлан Керімжанов мәлім етті. 
Мерлан Абдрахманұлының айтуынша, заңдық нормалар мен талаптарды бұза отырып салынған әрі  нұсқамалар талаптарын орындамаған 356 нысан тексеріліп, заң аясында шара қолданылған. 
«Мемлекеттік бюджет есебінен салынудағы құрылыс нысандарында 114 мердігер мекемесіне және 14 жобалаушы мекемеге ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес шаралар көрілгенін айта кеткен жөн. Соның нәтежиесінде жалпы құны — 15,6 млн. теңге айыппұл салынып отыр. Сонымен қатар, инжинирингтік қызмет көрсету талаптарын бұзып орындаған 19 техникалық қадағалаушыға заңға сәйкес аттестаттарын 6 айға тоқтатылған, сөйтіп 8,2 млн. теңге айыппұл салынған», — деді Мерлан Абдрахманұлы. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*