Түркістан облысында 9 айда 2 мыңнан астам нысанның құрылыс талаптары тексерілген

Бүгінгі таңда Түркістан облысындағы аудан, қалалар әкімдіктерінен «қызыл сызыққа» өтіп салынған нысандарды тексеру барысында жергілікті әкімдіктер тарапынан құрылыс салуға жер телімін беру кезінде жол жиегінің «қызыл сызығын» және санитарлық қорғау аймақтарының ара қашықтықтарын сақтау сияқты талаптардың бұзылғандығы анықталып отыр. Бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқарма басшысының орынбасары Мерлан Керімжанов мәлім етті. 
Түркістан облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы тарапынан мониторинг жүргізу барысында және аудан, қала әкімдіктерінің хаттары мен жеке және заңды тұлғалардың арыздары бойынша облыс аумағындағы құрылыс нысандарын қадағалау, тексеру арқылы заң бұзушылықтармен жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Ал, жалпы Түркістан облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы тарапынан биылғы жылдың 9 айында 2420 нысанның құрылысы тексерілгенін айта кету керек. Оның ішінде жеке қаражат есебінен – 2057 нысан, бюджет қаражаты есебінен 363 нысан бар.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*