Түркістан облысында жылу жүйесіне қосылған көпқабатты үйлер жылу беру маусымына дайын

Түркістан облысындағы 2830 бюджеттік мекеменің барлығы, яғни 100 пайызы қысқы маусымға дайын. Оның ішінде білім саласында – 1289, денсаулық сақтау саласында  – 788, әлеуметтік  салада – 753  мекеме. Бұл туралы Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марғұлан Марайым мәлім етті.  
Сонымен қатар, мазут отынына деген облыс бойынша қажеттілік көлемі 10 мың тонна болса, Энергетика министрлігімен тасымалдау кестесі бекітіліп, келісім-шарт жасалған. Облыстың солтүстік және таулы аймақтарында атап айтқанда, Созақ, Төлеби, Түлкібас аудандарында 15 қазаннан бастап жылу беріліп отыр.
«Облыс бойынша жеке тұрғындардың алдағы күзгі-қысқы кезеңдегі   көмір отынына деген жалпы қажеттілігі –  902 мың тонна,  бүгінгі  күнге   темір  жол станцияларындағы  қоймаларға тасымалданғаны – 689,1 мың тонна. Облыстағы  орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін көпқабатты тұрғын үйлердің саны – 544,   олар жылу  беру маусымына  толық дайын. Дербес қазандықтардың (котельная) саны — 10, барлығы қысқы маусымға даяр. Облыстың жылу беру дайындығына апта сайын тұрақты мониторинг жүргізілуде», — деді Марғұлан Зұлхарнайұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*