Түркістан облысы мазуттан тапшылық көрмейді

Түркістан облысында мазут отынына деген өңір бойынша қажеттілік көлемі 10 мың тонна болса, қазіргі таңда  Энергетика министрлігімен тасымалдау кестесі бекітіліп, келісім-шарт жасалған. Бұл жөнінде Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марғұлан Зұлхарнайұлы хабарлады.  
 
Сонымен қатар, облыстың солтүстік және таулы аймақтарында атап айтқанда, Созақ, Төлеби, Түлкібас аудандарында 15 қазаннан бастап жылу беріліп отырғанын айта кету қажет. Бүгінде Түркістан облысы бойынша табиғи монополия субъектілерінің коммуналдық қызметтері үшін 2018 жылдың  1 қазандағы  берешегі – 499,2 млн. теңгені құраған. Берешектің негізгі бөлігі жеке тұрғындар пайдаланған табиғи газға қатысты. Өңірдегі бюджеттік мекемелерге қажетті 169,1 мың тонна көмір бүгінгі таңда толық тасымалданған. Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ететін мекемелерге қажетті көмір көлемі – 106,6 мың тонна. Ал облыстағы темір жол станциясы қоймаларындағы 1 тонна  көмірдің бағасы бойынша «Шұбаркөл» көмірі – 14-15  мың теңге,  «Ботақара» көмірі – 10-11 мың теңге көлемінде.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*