ЖАҢА ТҮРКІСТАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

Естеріңізде болса мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Түркістан облысына ресми сапарында бірнеше отандық компанияға Түркістан қаласындағы әкімшілік орталықта ғимараттар салуды тапсырған болатын. Осыған орай Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қазақстандық инвесторлар «BI Group» және «Саутс-Ойл» компанияларының өкілдерін қабылдады.

Жүздесу барысында инвесторлар облыс орталығы Түркістан қаласын дамытуға өз үлестерін қосуға ниет білдіргенін айта кету қажет. Мәселен,  «BI Group» компаниясы Түркістан қаласында 50 мың шаршы метрді құрайтын бизнес орталықтың жобасын ұсынып отыр. Оның орталығында офистік бөлмелер, мәжіліс залдары, жерасты автотұрақ орналасатын болады. Ал «Саутс-Ойл» компаниясы 120 бөлмелік 5 жұлдызды қонақ үйдің сәулет жоспарлау эскиздерін таныстырғанын ерекше айта кету керек. Қонақ үй бөлмелері стандартты, люкс орындарынан бастап, ең жоғарғы үлгіде жабдықталған жайлы бөлмелермен, мейрамхана және концерт залымен қамтылмақ.
Ғимараттардың жобаларымен танысқан облыс басшысы инвесторларға эскиздік жұмыстарды жетілдіріп, құрылысты уақытылы бастау қажеттігін жеткізді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*