ТҮРКІСТАН МЕН АЛМАТЫ АРАСЫНДА ТУРИСТІК ПОЙЫЗ ҚАТЫНАЙДЫ

Таяу уақытта Түркістан мен Алматы қаласының арасында жүрдек пойыз бағыты ашылады. Бұл туралы бүгін Түркістан облысы әкімдігінде өткен кездесуде  белгілі болды. Шежірелі шаһарға арнайы атбасын бұрған «Тұран экспресс» компаниясы мен «Тұран.тв» телеарнасының бас ди⁠ректоры Роман Ботабеков алдымен облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың қабылдауында болып, туризмді дамыту бағытында пікір алмасты. Облыс әкімі тарапынан қолдауға ие болған компания басшысы өңірдің туризмін дамытуға үлес қосатынын айтты.

         — Түркістанның облыс орталығы атанғанын қуанышпен қабылдадым. Өзім Кентауда туып-өскем. Сондықтан туған жерге қызмет етуге, туристік әлеуетін көтеруге үлесімді қоссам деген ниетпен келіп отырмын. Қараша айынан бастап Алматы мен Түркістан қалалары арасында туристік пойыз бағытын ашпақшымыз. Екіншіден, өзім басқаратын «Тұран.тв» телеарнасы арқылы Түркістан облысы мен Түркістан қаласының көрікті, шежірелі орындары туралы бейнематериалдар, репортаждар, фильмдер әзірлейміз. Осы жұмыстарымыз арқылы Түркістанның туризмін дамытуға үлес қосамыз деген ойдамын. Себебі, қазір саяхатшыларға керегі — жайлы көлік пен қолжетімді ақпарат, — дейді Роман Ботабеков.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*